«Тойқазан» ұлттық тағамдар фестивалі өтті

595
Тойқазан-2018
Фото авторы А.Нұршанов

Талдықорған қаласында «Тойқазан» ұлттық тағамдар фестивалі өтті. Айта кетейік, елімізде алты жылдан бері аталып жүрген қазақы салт-дәстүрді насихаттайтын фестиваль биыл шаhарымызда тұңғыш рет ұйымдастырылды.

Тойқазан-2018
Фото авторы А.Нұршанов

Фестиваль «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен халықаралық «Zhetysu Travel» форумы аясында жүзеге асырылды.  Мақсаты – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің достығын нығайту, ұлттық тағам мен салт-дәстүрдің мәдениетін жоғары деңгейге көтеру және насихаттау.

Тойқазан-2018
Фото авторы А.Нұршанов

Шарада жиналған қауымға облысымызға қарасты үздік мейрамханалар мен кондитерлік орталықтар дайындаған ұлттық тағамдар ұсынылды. Ауқымды шарада қолөнершілер мен аспаздардың көрмесі ұйымдастырылып, тұрғындар арасында шеберлік сыныптары өтті. «Тойқазан – жалпыхалықтық мәдени мерекесін атап өту бірнеше жылдан бері өз деңгейін қалыптастырып үлгерген брендтік мереке. Жыл сайын  бағыты мен бастауын кеңінен жайып, ауқымын кеңейтіп келе жатқан атаулы күн»-дейді ұйымдастырушылар. Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов «Жыл сайын фестиваль Алматы қаласының төңірегінде өткізілсе, биыл Талдықорғанда өткізу туралы шешім қабылдадық. Алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Барша атсалысқан кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін»-деп жиналған қауымды құттықтады.

Тойқазан-2018
Фото авторы А.Нұршанов

Шара барысында «Қуатымыз бірлікте» атты Ассамблея шеруі, «Тойқазан таңы» театрландырылған қойылымы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасы және спорттық жарыстар өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK