15-25 қазан аралығында altynsapa.kz сайтында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының онлайн дауыс беру кезеңі өтеді. Сайтта сараптау комиссиясы құжаттарын қарап, іріктеуден өткізіп, конкурсқа жіберген 27 финалист туралы ақпарат орналастырылған.

Алматы облысынан үш кәсіпорын қатысуда: «Шин-Лайн» ЖШС (балмұздақ өндірісі), «Danone Berkut» ЖШС (сүт және қышқылсүт өнімдерін шығару), «Dolce» ЖШС (мединицалық мақсаттағы бұйымдарды дайындау).Халықтық дауыс беру нәтижелері комиссияның бағасына қосылады. Ең жоғары балл иегері «Қазақстанның үздік тауары» атағына ие болады. Жеңімпаздар желтоқсан айында марапатталады.

Осыған байланысты әрбір дауыс маңызды.

Дауыс беру үшін мына сілтемеге өту керек: http://altynsapa.kz/ru/golosovanie/

Отандық тауар өндірушілеріне өз дауысыңызды бергіңіз келсе сайтқа өтіп, кәсіпорын атауының жанындағы «дауыс беру» батырмасын басу керек. Жаңа ашылған терезеде тіркеуден өтесіз. Осыдан кейін тағы «дауыс беру» батырмасын басыңыз, есептік жазбаның мәліметтерін енгізіп, әр номинация бойынша қатысушыға дауыс беріңіз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK