Ұлы дала комедиясы

341
Ұлы дала комедиясы
Дереккөз

“Атамекен” жастар ісі жөніндегі комитетінің ұсынысы бойынша облыстық  жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен қаламызда Төреғали Төреәлінің “Ұлы дала комедиясы” атты туындысының тұсаукесері өтті.

Шараға фильмде басты рөлді сомдаған Төреғали Төреәлі, Мадина Оспан, Жанболат Найзабеков, қоюшы режиссер Дархан Саркенов, продюсер Біржан Ескендір және бас продюсер Төреәлі Әлиханұлы қатысты. Фильмнің түсірілім жұмыстары бір ай көлемінде жүргізілген. Басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жаныңда жүрген жақын жандарды құрметтеу. “Кино көру оңай, оны түсіру өте қиын екендігіне көз жетті. Идеяны айтқан алғашқы сәттен-ақ оңай болмайтындығын, жауапкершілік жүгінің ауыр екендігін айттым. Алайда, “болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу” демекші, жігіттердің ниетін қайтармай, тәуекелге бел байладық”-деді Төреәлі Әлиханұлы. Шара барысында Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлінің су жаңа альбомының тұсауы кесілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK