Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарындарында Айбек Оралбай ел қоржынына тағы бір алтын салды. Отандасымыз бокс турнирінің кешкі сессиясында алжирлік қарсыласынан басым түскен, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы финалда Мохаммед Амин Хасидпен шаршы алаңға шыққан. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Айбек Оралбайға берді. Ал, үздік үштік пуэрторикалық Элвин Каналеске бұйырып отыр.

Сондай-ақ, бір спортшымыз Надежда Рябец 69-75 келіде қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол алжирлік Ичрак Чаибті жеңді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK