Бүгін Талдықорған қаласында жасөспірімдер арасында үстел тенисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Аталмыш додаға еліміздің әр өңірінен 17 команда келген. Қазір 130-ға жуық қатысушы үздіктерін анықтау үстінде. Негізінен, жарыс 2005 жылы туған балалар арасында өтіп отыр. Алайда, кіші жастағы спортшылар да сайыста өзара мықтыларын анықтайтын болады.

Айта кетейік, үстел тенисінің чемпионаты Талдықорғанда тұңғыш рет ұйымдастырылуда. Бұған дейін еліміздің өзге де өңірлерінде жас спортшылар шеберлік байқасқан болатын.

Жарыс 21-ші қазанда өз мәресіне жетеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK