Алматы облысы әкімінің өкіміммен Марат Мелісұлы Разбеков Сарқан ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Марат Мелісұлы РАЗБЕКОВ 1966 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін орман шаруашылығының инженері, экономист-бухгалтер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Сарқан қаласындағы Сарқан шарап зауытында және Сарқан орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған. Әр жылдарда Сарқан ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, Талдықорған қаласындағы «Сервис центр» ЖШС бухгалтері, Алматы облысы бойынша салық комитетінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Салық төлеушілерді тіркеу және Салық әкімшілігін жүргізу басқармаларының бастығы, Талдықорған қаласы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас салық инспекторы, Сарқан ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары болды. 2010 жылдың желтоқсан айынан – Сарқан ауданы әкімінің орынбасары.

Хроника Алматы облысы әкімінің өкімімен Ерғазы Қошанбекұлы Қошанбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Сарқан ауданының әкімі қызметінен босатылды.

«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты http://www.zhetysu.gov.kz»

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK