Білімгерлер арасында пікірсайыс ойыны өтті

214
Дереккөз

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылауға бағытталған білімгерлер арасында “Жастар жылы” атты ашық пікірсайыс ойыны өтті.

Дереккөз

Мұндағы мақсат – мемлекет  басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  5 қазанда жарияланған Жолдауын жан-жақты талқылау, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, шешендік қабілеттерін дамыту және қоғамдағы белсенділігін арттыру. Қатысушылар сайыс барысында Жолдаудың орындалу барысының тиімді механизмін ұсынды. Нәтижесінде Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің “Жастар” командасы жүлделі I орынға ие болды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK