Жас көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

262
Фото авторы А.Нұршанов

В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сәкен  Иманасовтың 80 жылдығына орай «Айхай, менің көңілім-ай, көл-көсір!» атты жас көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Фото авторы А.Нұршанов

«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен сайыстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті кеңінен насихаттау, ақын шығармаларын өскелең ұрпаққа үлгі ету. Аталмыш байқауға 13-17 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, ақынның туындыларынан үзінді оқыды. Қатысушыларға Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филормониясының көркемдік жетекшісі Жангелді Немеребаев пен облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Асыл Сұлтанғазы қазылық етті. Нәтижесінде бас жүлдеге Құралай Данабек лайық деп танылды.

Фото авторы А.Нұршанов
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK