Бүгін алғашқы қармен бірге Талдықорғанға аққу құсы келіп қонды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

Қазір қалалық бассейнінде жалғыз аққу жүзіп жүр. Мұндай тосын көрініс шаһар тұрғындарын ерекше әсерге бөлеуде. Алғаш болып Аққуды көрген қала тұрғыны, газетіміздің тұрақты оқырманы Сайлан Садуақасов дереу редакцияға хабарласты. Ғажайып сәтті «Талдықорған» газетінің фототілшісі Айдын Нұршанов түсіріп үлгерді.

Қазақ халқы бұл киелі құсты ежелден тазалық пен сұлулықтың символы ретінде қараған. Содан болар ақын-жазушыларымыз аққуды өз шығармаларына арқау еткен. Біз де мұны жақсылықтың нышаны деп білейік.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK