Бірінші қазан – Халықаралық қарттар күніне байланысты  Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев 100-ге жуық  қарияға ақ дастархан жайып, сый-құрмет көрсетті. Олардың арасында соғыс және тыл ардагерлері мен мүгедектер бар. Мерекелік жүздесу қаладағы  «Мирас» мейрамханасында өтті.

Жиналған қауым алдында сөз алған шаһар басшысы алдымен қазыналы қарттарды төл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, Дастан Тұрарбекұлы  әрбір іске ағалық ақыл-кеңесін беріп, әлі де болса қоғамның тыныштығы мен өңірдің өркендеуіне өз үлестерін қосып  жүрген аға буын өкілдеріне  алғыс айтып, ризашылық  білдірді. Бүгінде  Талдықорған қаласында 21 мыңнан астам зейнеткер бар. Оларға  жыл сайын үкіметтен лайықты көмек көрсетіліп келеді. Атап айтсақ, ардагерлердің емделуі, демалыс орындарына баруы, мүгедектердің тұрмыстық жәрдемақы алуы, қоғамдық көліктерде тегін жүріп-тұруы жан-жақты қамтамасыз етілген. Мұндай игілікті істер бұдан былай да жалғаса беретін болады деді қала әкімі. Сөзінің соңында шаһар басшысы жақында ғана 80-нің сеңгіріне шыққан бірқатар қарттардың иығына  шапан жауып, зор денсаулық тіледі. Басқосу соңы өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK