Көңілді тапқырлар фестивалі өтті

141
Дереккөз

«Жастар»  саябағында Алматы облысы әкімінің кубогы үшін «Жайдарлы Жетісу» атты КТА фестивалі өтті.

Дереккөз

Көңілді тапқырлар фестиваліне Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Талдықорған қалаларының командалары қатысты. Аймақтық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылған шараны елімізге белгілі әзіл әлемінің саңлағы Тұрсынбек Қабатов жүргізді. Қатысушылар қаламыздың бұрынғы және бүгінгі бейнесін, сәулетті ғимараттар мен көрікті табиғатын әзілдеріне арқау етті. Нәтижесінде жүзден жүйрік атанған Жамбыл облысының «Шу-Чу» командасы кубок иегері атанса, 2 орынды «Қармақшы құрамасы», 3 орынды жерлестеріміз «Талдықорған құрамасы» иеленді. Айта кетейік, фестиваль «Алматы облысында КТА ойындарын дамыту» жобасы бойынша Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілді. Жобаның мақсаты облыс  жастарының рухани, эстетикалық және мәдени деңгейін, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін арттыру болып табылады. Аталмыш жоба шеңберінде облыстың барлық аудандары мен қалаларында тәжірибелі КТА ойыншыларының қатысуымен оқыту семинарлары өткізілуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK