Басымдық — тек жаңа аудандарда ғана емес

173
Дереккөз

Талдықорғанға қарасты қала маңындағы елдімекендерге баса назар аударылуда. “Ынтымақ”, “Ынтымақ-2”, “Ынтымақ-3”, “Жастар-1”, “Жастар-2” сынды жаңа шағын аудандарды көркейту  жоспарлануда.

Бүгінгі таңда “Ынтымақ” шағын ауданына  электр қуатын орнату жұмыстары аяқталды. Электр желісінің жалпы көлемі 76,7 км, су құбыры жүйесі 37,4 км. Ағымдағы жылы 29 көшеге, (жалпы 35 км)  қиыршық тас төсеу жоспарланса, қазіргі таңда 18 км аяқталды. Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс “Ең әуелі тұрғындар үшін су мен жарық маңызды болып есептеледі. Сондықтан, ауыз су және электр жүйесіне қосу жоспарлануда. Одан кейін өз кезегінде жол және көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады”-деді. Айта кетейік, қазіргі таңда қаланы газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Газ таратудың төртінші кезеңінде жаңа аудандардағы жеке тұрғын үйлер қосылатын болады. Сондай-ақ, мемлекеттік және жекеменшік серіктестік негізінде мектептер мен балабақшалар ашу көзделуде. Қоғамдық көлік мәселесі де оң шешімін таппақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK