Латын әліпбиіне көшу: ой-пікірлер

440

Алматы облысының аудан мен ауылдарында латын  қарпіне байланысты түсіндірме жұмысын жүргізген «Жаңа әліпби жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық топ мүшелері  Талдықорған қаласына ат басын тіреді.

Еңбек ауылындағы №22 орта мектепте  өткен басқосуда І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы, ф.ғ.к.,профессор Ш. Қыяхметова, облыстық «Жетісу» газетінің қызметкері Қ. Тұңғатар, облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Т. Рахымберлина латын  графикасына қатысты  ой тұжырымдарын ортаға салды.

«Рухани жаңғыруымыздың темірқазығына айналған латын әліпбиіне өту мәселесі  шешімін тапты.  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Елбасының Жарлығына сәйкес Алматы облысының  ақпараттық топ мүшелері  ел ішінде түсіндіру жұмысын жалғастыруда. Ендеше, еліміз үшін жасалып жатқан игі бастамаға қолдау білдіріп, белсенділік танытайық. Ақпараттық жұмыс тобының мақсат-міндеті елге латын графикасы туралы кеңінен мағлұмат беру және жұртышлықтың ой-пікірлерін тыңдау» — деді  Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім  басшысы Туғанай Рахымберлина.

«Көш жүре түзеледі» дегендей, қабылданған әліпбиіміз қолдану барысында әлі талай сүзгіден өтері сөзсіз. Яғни, талай түзету жасалатыны белгілі. Ендеше,  әліпбиімізді өмірге енгізуге атсалысайық» деді топтың  мүшелері.

Кездесуге қатысқан №22 орта мектептің директоры  Р. Ақшолақова, латын графикасын бала санасына сіңіруде мектеп мұғалімдерінің алар орны ерекше. Ендеше, бәріміз бірігіп, осы жұмысқа бел сыбана кірісейік,-деп ойын айтты. Жиында сөз алған тұрғындар мен мұғалімдер латын графикасына көшуді қолдайтындықтарын білдірді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK