Алматы облысында 16 жастағы  жасөспірім қыз өзінің  әжесіндей адамды соққыға жыққан. Жаға ұстатарлық жағдай Іле ауданы   маңындағы «Мерей» саяжайында болған. Іле аудандық орталық емхананың дәрігерлері 71 жастағы қарт анаға өзінің немересіндей қыздың аяусыз текпісінен оның бір саусағы сынып, миы шайқалған деген диагноз қойып отыр.   

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиры» демекші, оқиғаға көршісінің сиыры себеп болған. Зардап шегуші саяжай тұрғыны Қалышбике Айымбетованың бар кінасы ауласына кіріп кеткен көршісінің сиырын оның қызына айдап кетуді талап еткен. Бірақ қыз оның сөзін құлағына ілмеген соң,  қария қолына шыбық алып, сирды ауладан шығарады. Сол сәтте ашуға булыққан жас қыз келіп әжейді тарпа бас салып, оңдырмай сабап тастаған.  Оны бірнеше көршісі келіп ажыратқан. Аталмыш елді мекен тұрғындары қызына дұрыс тәрбие бермеген оның ата-атансында жауапқа тарту керек деп санайды. Облыстық  ІІД баспасөз қызметінің өкілі Айгерім Көпбаеваның айтуынша, кәмелетке тола қоймаған жасөспірім қыздың үстінен 107-ші бап бойынша «Адам денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтірді» деген айыппен қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK