Еліңді сүйсең, тіліңді құрметте

238
дереккөз

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы,  Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен «Көркем ой, көркем сөз, көркем тіл» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің облыстық байқауы өтті.  Жастарды ынтыландыру мақсатын көздеген  шара үш кезеңді қамтыды.

Облыс бойынша 16-28 жас аралығындағы 28 үміткер қатысып, он бір қатысушы екінші кезеңге жолдама алған еді. Байқаудың аты байқау, өзара сынға түскендер арасында  қазақ тілін еркін меңгергендер эссе жазу кезінде  айқын аңғарылды дейді әділқазылар алқасы.

Нәтижесінде  Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ білімгері  Александр Сон  — бірінші орыннан көрінді. Ал   Александра Савкина (Кеген ауданы) мен  Нармина Зандорова (Еңбекші қазақ ауданы) —  екінші, ал  үшінші орынды  Панфилов ауданының үміткері  Молутжан Тохтахунов ,  екі  талдықорғандық  Руслан Данилов пен  Дарья Қожанова  иеленді.

Талдықорған қаласында Қазақстан халқы тілдері күніне орай мемлекеттік мекемелерде, оқу орындары мен мектепте, балабақша мен кітапханада, қалаға қарасты елді мекендерде бірқатар шаралар өткізілді. Бұл жөнінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары хабарлады.

Атап айтқанда, мемлекеттік тілдің айбынын көтеру мақсатында қалалық №2 кітапханада «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты мектеп оқушыларының қатысуымен тілдік шара өтті. Еркін ауылдық №3 кітапхана филиалында №26 орта мектептің оқушыларымен «Анан тілім-мерейім» атты танымдық сабақ ұйымдастырылды. Оқушылар тіл туралы жасап қойылған тұрақты кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік алды.

Кітапханшы Н. Албиланова №22 мектептің оқушыларымен «Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты саяси сағат өткізді.   Еркін және Өтенай ауылдық округі әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында  түрлі шаралар ұйымдастырылып, Тіл мерекесіне өз үлестерін қосты.

Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» атты   бағдарламалық мақаласы негізінде, тілдер айлығы аясында мектеп оқушылары арасында қызықты да танымдық шаралар ұйымдастырылғандығын айтуға тиіспіз. Тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне   орайластырылған Тілдер мерекесі өз жалғасын тапты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK