Месси мен Роналдудың дәурені өтіп бара жатқандай. Олай дейтініміз «Реал Мадрид» сапында өнер көрсетіп жүрген Лука Модрич ФИФА-ның жылдық қорытындысы бойынша ең үздік футболшы атағын иеленді. Осылайша футбол тарихында жаңа жұлдыз пайда болды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

Модрич үштікке кірген Криштиану Роналду мен Мұхамед Салахттан озып кеткен.

Айта кетейік, өткен жыл хорватиялық футболшы үшін жеңіске толы болғаны рас. Ол өнер көрсететін «Реал Мадрид» қатарынан үшінші мәрте Чемпиондар лигасында топ жарып, кезекті рекордын жаңартқан еді.

Сондай-ақ, Ресейде өткен Әлем чемпионатында Модрич жарқын жұлдыздардың бірі, өз құрамасының қаһарманы бола білді.

Ең қызығы, ФИФА ұйымдастырған марапаттау кешіне футбол әлемінің басты жұлдыздары Роналду мен Месси келмеді. Сірә, футболшылар өз жеңісіне сенбегендіктен мерекелік кешке барудан бас тартқан секілді.

Роналду үздік үштік құрамына енсе, аргентиналық футболшы мүлде ол тізімде бой көрсетпеді.

Барша жанкүйерлер жылдың жаңа үздік футболшысы Лука Модричтің енді алтын допты да ұтып алуға мүмкіндігі бар екендігіне сенімді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK