Талдықорғаннан 46 авиациялық бомба табылды

706
дереккөз

Талдықорғанның метал қабылдау орындарының бірінен 46 авиациялық бомба табылды. Мамандардың айтуынша, бұл снарядтар оқу-жаттығуға арналған. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз-қызметінен хабарлады.

«Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 287 бабы бойынша, яғни оқ-дәріні, жарылғыш заттарды заңсыз алғаны және сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу, тексеру амалдары жалғасуда. Алдағы уақытта табылған бомбалар арнайы алаңдарда жойылатын болады» дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Жанар Төлегенқызы.

Оқу-жаттығу құралы болған жарылғаш заттар табылған аймаққа полиция арнайы қоршау қойды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK