Шаһар мерекесі қарсаңында шинкиокушинкай каратэдан Талдықорған қаласының ашық біріншілігі өтті. Қала әкімінің жүлдесін сарапқа салу үшін Қырғызтаннан (Бішкек), Алматы мен Текелі қаласынан және Көксу, Ескелді, Қаратал, Жамбыл аудандарынан спортшылар келіп, өзара шеберлік байқасты, — деп хабарлай taldykorgan-online.kz

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде қалалық спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев пен сайыстың бас төрешісі Александр Медведев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, сайыста шығыс жекпе жегін меңгерген жас спортшылар үздік өнер көрсетуге тырысып бақты. Араларында татамиге төселіп қалған каратэшілер жарыс көркін қыздыра түсті.

Нәтижесінде, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандары қала әкімінің кубок, медаль және алғыс хаттарымен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK