Талдықорғанда сенбілік өтті

130
Фото авторы Д.Сағындық

Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен  жалпықалалық сенбілік  өтті.  Аталмыш тазалық шарасына 30 мыңнан астам қала тұрғыны белсене атсалысты.

Сенбілік өткізу барысында 1000-нан астам қажетті құрал-жабдықтар таратылды. Шаhар тұрғындары мен 200-ге жуық мекеме, кәсіпорын ұжымдары  өздеріне тиесілі аймақты қоқыс қалдықтарынан тазартты. 29 техника жұмылдырылып, 1420  текше метр  қоқыс қала сыртына шығарылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK