Бүгін қала күні мерекесіне орай облыстық құқық қорғау мекемелерінің арасында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі ардагерлерінің қатысуымен шағын футболдан турнир өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, әріптестер арасындағы достық қарым қатынасты нығайту.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев арнайы келіп, турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.

Қала әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен сайыста Талдықорғаннан бөлек Алматы, Астана және Семей қаласынан келген ардагер командалар жасыл алаңға шығып, доп тепті. Сонымен қатар облыстық құқық қорғау мекемелері де өз араларында үздіктерін анықтады. Жалпы айтқанда, турнирдің бірінші тобында төрт, ал, екінші тобында жеті команда жарысқа түсті.

Жеңімпаздарға қала әкімдігінің кубок, медаль және алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншылар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK