Шынында, күнделікті өмірде адам кімнің кім екенін де ескере бермейді. Қарбаласқан тіршілік оны ойлап ескеруге де, елеуге де дес бермейді, көңіл бөлмейді. Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы-тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты.

Егер ол айналасындағыларға қайырымды, адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да именеді. Жақсылық – адамның ойы, ниеті, іс-әрекеті. Жаман пиғылдардан аулақ болып, қай кезде болса да адамға қол ұшын беріп көмектесетін, жанашырлық танытатын адамды жақсы адам дейміз. Жаны жайсаң, көңілі ашық, қарапайымдылығынан айнымайтын, адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы, мейрімді де қайырымды игі істерге бағыттай білген жан ол — Әбішева Сәуле Нұрқасымқызы. Бар ғұмырын Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейіне арнаған. Әбішева Сәуле Нұрқасымқызы, 1957 жылдың 21 маусымында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Малайсары станциясында теміржолшының отбасында дүниеге келген. Әкесі Әбішев Нұрқасым өзінің адал еңбегімен халқына сыйлы, қара-
пайым жан болған. Түрксіб темір жолын салуда маңдай терін төгіп «Еңбек қызыл ту» медалімен және «Ленин» ордендерімен марапатталған. Анасы Әбішева Жұмабала көп баланың анасы тоғыз бала тәрбиелеуде олардың мәдениетті, саналы, адамгершілікті болып өсуіне көп үлесін тигізген. Осындай ортадан шыққан Әбішева Сәуле Нұрқасымқызыбілімі жоғары, 1974 жылы Алматы қаласындағы №278 орта мектебін аяқтап, еңбек жолын 1976 жылы бастады. 1989-1995 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқып, тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы және музей саласының мамандығын меңгерді. 1985 жылдан Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінің таныстырушысы, 1995 жылдан осы күнге дейін аталған мұражайдың директоры қызметін атқарып келеді. Тек мұражайда істеген еңбек өтілі 30 жылдан астам уақыт болды. 1999 жылы маусым айында «Тарих мұрагері-мұражай» атты облыстық байқауға байланысты Кербұлақ ауданындағы Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде ғылыми – әдістемелік семинар өткізді. Осы семинарды ұйымдастыруда шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігін көрсете білгені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл толу мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Пре-зидентінің 2002 жылдың 4 ақпанындағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
ҚР Туризм және спорт Министрлігі Қазақстан Республикасында туризм дамуына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды. 2008 жылы «Нұр Отан Халықтық Демократиялық» партиясы Алматы облыстық филиалының Саяси кеңесі «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында халқымыздың тілін, әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен ше-жіресін өскелең ұрпаққа жеткізіп насихаттаудағы үлесі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
Қостанай облысы әкімдігінің, мәдениет басқармасының бастауымен 2010 жылдың 28 қыркүйегінде өткен «Ш.Уәлихановтың рухани мұрасы мен қазақстандық және әлемдік ғылымдағы қоғамдық өрлеу идеяларының дамуы» — атты ғылыми-тәжірибелік кон-ференцияға қатысып, баяндамалар жинағына баяндамасы шықты. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі ұйымдастырған «Ш.Ш.Уәлиханов мұраларының әлемдік ғылымда алатын орны» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияға белсене ат салысып, ғылымның дамуына қосқан үлесі
үшін дипломмен және алғыс хатпен марапатталды.
2012 жылдың қараша айының 1-4 жұлдыздарында Астана қаласында өткен «Музейді басқару» жөніндегі өңірлік тақырыптық тренингке белсене қатысқаны үшін Москвадағы ЮНЕСКО-ның Бюро директоры Дендев Бадарч және Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Бюро директоры Сергей Лазаревтің қолынан «Сертификат» табыс етілді. Алматы облысы мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесі мен музей саласындағы ұзақ жылғы жемісті және абыройлы еңбегі үшін, Алматы облыстық мәслихатының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2014 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік мерей тойына орай Елбасымыздың «Құрмет» мемле-кеттік орденімен, 2015 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.
Ш.Уәлихановтың 180 жыл толуына Астана қаласында 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай ИКОМ Халықаралық мұражайлар одағы Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейін «Жыл мұражайы» дипломымен «Мұражай және қоғамның дамуы» атты Сертификатпен марапатталды. 2014 жылдан ИКОМ Халықаралық мұражайлар одағынын мүшесі. 2016 жылы ИКОМ Халықаралық мұражайлар одағынын атынан медальмен марапатталды.
«Шоқан тағылымы: өткені мен бүгіні» атты Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясының жинағына “Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемле-кеттік мемориалды музейінің құрылуы мен экспозициясы жайында” атты мақаласы жариаланды. Біз, музей қызметкерлері осындай ғылыми-ізденіс жұмыс-та талмай қызмет жасап жүрген Сауле Нұрқасымқызының еңбегің багалап, мақтан тұтып, «Жанымда жүр жақсы адам» атты өмірінен сурет көрмесін ұйымдастырдық. Сурет көрмесін музейді көруге келген қонақтар көріп, тамашалады. Қазіргі күні Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша және Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінің мәртебесін көтеру, халқымызға насихаттау мақсатында және жас ұрпақты ұлттық рух тағылымында тәр-биелеу ісіне зор үлес қосып келе жатқан Сәуле Нұрқасымқызын нағыз елін сүйген қазақтың патриот қызы десек, артық айтпағандығымыз болар еді. Отбасында екі ұл — Бауыржан, Медет және Камшат есімді қыз тәрбиелеп өсірген үлгілі ана, аяулы жар және бес немеренің ардақты әжесі. Өмірлік жолдасы Қарымбаев Әділбек осы музей жұмысын жүргізуде көптеп қол үшін беруде. Осындай айрандай ұйыған отбасы ауылымызға үлгілі, берекелі шаңырақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK