Биыл қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызының бірі, сөз маржанын терген Сара Тастанбекқызының туғанына 165 жыл толды. Ақынның дүниеге келген жылын анықтау төңірегінде жыл басында газетіміздің бетінде бірнеше мақала жарық көргенін оқырман біледі. Күні кеше дүлдүл ақынның 165 жылдық мерейтойына арналып, өзі дүниеге келген Ақсу ауданында дүбірлі республикалық ақындар айтысы өтті.

 

Ақын Сара Тастанбекқызының 165 жылдық мерейтойына жиылған көпшілік алдымен Сара апамыздың ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойды. «Жетісудың Сарасы, ақындардың дарасы» атты конференцияны Ақсу ауданының әкімі Әділбек Егеубекұлы Далбағаев құттықтау сөзімен ашты. Аталмыш шарада жиылған көпшілікке «Біржан-Сара» операсынан үзінді ұсынылды. Біржан рөлінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сағат Жылкелдиев ойнаса, Сара бейнесін Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Гүлмайдан Сүндетова сомдады. Шарадан соң көпшілік Сараның ізбасарларының айтысын тамашалады. Сөз мәнерін ұғына білетін додаға белгілі, аузы дуалы 10 айтыскер ақын арнайы келген болатын. Кұлақ құрышын қандырып, делебені қоздыратын бәйгеде бас жүлде 1 млн.500 мың теңгені жетісулық арынды ақын Жандарбек Бұлғақов қанжығалады. 1-орын — Сара Тоқтамысоваға, 2-орын Балғынбек Имашовқа, 3-орын Сырым Әуезхан мен Мұрадым Мирланға бұйырды. Арнайы жүлдені Қызылағаштық Жалғас Садырұлы иеленді.

Д. Аужанова.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK