Әр адам өзінше бір әлем. Заманымыз бір болғанымен әркімнің өмір жолы басқа  — басқа, ол өз болмысымен, қағидаларымен өмір сүріп, өмірден алған іс-тәжірибелерін пайдалана отырып әрқилы күн кешеді. Адамдар соңынан қалған жақсы ісімен, ерен  еңбекпен,  гүлбағымен, тәрбиелеп жеткізген ұрпағымен, білім шыңына дейін өрлеткен шәкірттерімен, дана сөзімен есте қалады.

Сынаптай сырғыған уақыт уысына тұрмай, діттеген мәреге жеткенше аға береді. Адам Пайғамбар жасына жеткенінде ғана, соңына бұрыла қарап, өткен өмірін көз алдына елестете отырып: «Ертеңге не қалдырдым?» — деген сұраққа жауап іздейтін көрінеді. Өткен өмірі, ізгі істерге толып, еткен еңбек, төккен тердің іздері айшықтала анық көрініп, адам жанын марқайта отырып, ғибратқа бөлері де ақиқат. Ол ләззат ала күліп, жайбарақаттана, жайлы өмір сүреді. Әңгімеге арқау болып, қолыма қалам алғызып отырған адам-қырық жыл ұстаз болып, еңбегімен ер атанған,  шәкірттерінің жүрегіне жол таба біліп, өркендете өрлеткен, қамшының сабындай ғана ғұмырында қуаныш пен қайғыны қатар көрген, сонда да ешкімге бас иіп көрмеген, қайырымды, ізетті жан Нұртай Уәлиқызы. Ол-менің анам Саналы ғұмырын ел игілігіне, бала болашағына арнап жүрген адам биыл күзде 70 жасқа толады. Анамды мерейлі мерекесімен құттықтай отыра, оның өнегелі өмірін халлыққа паш еткім келеді. Әр адам өзінше бір әлем. Заманымыз бір болғанымен әркімнің өмір жолы басқа  — басқа, ол өз болмысымен, қағидаларымен өмір сүріп, өмірден алған іс-тәжірибелерін пайдалана отырып әрқилы күн кешеді. Адамдар соңынан қалған жақсы ісімен, ерен  еңбекпен,  гүлбағымен, тәрбиелеп жеткізген ұрпағымен, білім шыңына дейін өрлеткен шәкірттерімен, дана сөзімен есте қалады. Сынаптай сырғыған уақыт уысына тұрмай, діттеген мәреге жеткенше аға береді. Адам Пайғамбар жасына жеткенінде ғана, соңына бұрыла қарап, өткен өмірін көз алдына елестете отырып: «Ертеңге не қалдырдым?» — деген сұраққа жауап іздейтін көрінеді. Өткен өмірі, ізгі істерге толып, еткен еңбек, төккен тердің іздері айшықтала анық көрініп, адам жанын марқайта отырып, ғибратқа бөлері де ақиқат. Ол ләззат ала күліп, жайбарақаттана, жайлы өмір сүреді. Әңгімеге арқау болып, қолыма қалам алғызып отырған адам-қырық жыл ұстаз болып, еңбегімен ер атанған,  шәкірттерінің жүрегіне жол таба біліп, өркендете өрлеткен, қамшының сабындай ғана ғұмырында қуаныш пен қайғыны қатар көрген, сонда да ешкімге бас иіп көрмеген, қайырымды, ізетті жан Нұртай Уәлиқызы. Ол-менің анам Саналы ғұмырын ел игілігіне, бала болашағына арнап жүрген адам биыл күзде 70 жасқа толады. Анамды мерейлі мерекесімен құттықтай отыра, оның өнегелі өмірін халлыққа паш еткім келеді. Анам-өте қарапайым, ақкөңіл, ізетті, парасатты жан. Ол мейірімді отбасында тәрбиеленген, бір әулеттің жалғыз қызы, мектепті жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп, Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектепте өмір жолын бастап, сол мектепте қырық жыл талмай еңбек еттіп, зейнетке шықты. Өмірі қызықты да қиын болған, белес-белес туларды қисық, бұралан жолдарды шыңдар мен құздарды бағындыра отыра, қуаныш пен қайғыға да кездесіп, көрген қиындықтарына қайыспай, үнемі бойын тік ұстап өмір сүрген, еңбегімен ер атанып, бүгінде сол еңбегінің жемісін молынан теріп отырған ұлағатты ардагер ұстаз. «Жас кезімде бейнет берсең де, қартайғанда зейнет бер» — деген ұстаныммен  өмір сүрген осы жан бүгінде, жер жаннаты Жетісудің төрінде, Талдықорған жерінде бақытты да баянды ғұмыр кешуде. Біз тұрып жатқан үй өте тамаша жерде орналасқан. Мешіт, мектеп, базар, дүкен, мейрамхана және кезінде елбасы орнатып кеткен «Достық аллеясы» үйімізге көрік беріп тұрады өмір бойы ауылдың таза ауасымен тыныстап, кәусар бұлақтан су ішкен, жеміс — жидегі молдап өсетін, адамдары ерен, көшелері түзу, абаттанған ауылдан келген анам қаланың шуына шыдамайтын шығар» — деген ойым бекер екен. Тағдырдың жазуына тез көндігіп, әкесінің басына барып, құран бағыштап,  рұқсатын сұрап, жүректен шыққан жырын арнады.

Отыр едім өзіңдей,

Ошағымды өшірмей.

Елмарымның ордасын,

Балаларға көшірмей.

Шыдамадым, әкежан,

Жалғыздықтың кәріне.

Ошағымды көшірдім,

Балалардын жеріне», — деп көшіп, Осы қалада қоныс тепті. Ол бірінші күннен тынбады, өйткені алған үйдін маңы абаттанбаған еді. Су құйып, жерді тастардан тазартты, аула балаларын ұйымдастыра отырып, шелектеп топырақ төкті. Әр түрлі жеміс – жидек ағаштарын отырғызып, гүлдер сеуіп, күтіп, баптады. Ертелі – кеш алаңдағы өскіндерді күтіп – баптап, жайната өсірді. Міне, бес жыл да зымырап, жылжып өте шығып, ауылынан әкелген өскіндері үлкен ағаш – баққа, тұқымдары гүл-баққа айналды. Кәзірде кішкентай ғана аулада 70 түп жеміс ағашы мен мыңдаған гүлдер құлпыра өсуде.  Нәтижесі де жаман емес, алғашқы қарақат, шие, өрік жинап, бала-шағамыз мәз. Енді 2-3 жылда ауламыз жемістің астында қалары анық. Бұл ізгі іс — аула адамдарының несібесі. Басында: Тасқа түк шықпас деген адамдардың пікірі де өзгеріп, көмек қолын созып жүр. Ең негізгі көмекшілер-аула балалары. Қайырымдылық жасаушылар да табылды. Жомарт деген азамат жерді құнарландыру үшін көң әкеп түсіріп, анамды қатты қуанышқа бөледі, Сәния мен Света апайлар суғаруға арналған құрал алып берді, ал 80- ге келген Галина Максимовна анама көмектесіп, еңбектеніп жүр. Аула КСК-ның төрайымы Майра далаға су орнатып берді. Осы аулаға  жақында қоныс аударған қарт журналист Кенжехан аға да өзінің «Саулебағын» отырғызып, мәпелеп күтіп жүр. «Жабыла көтерген жүк жеңіл» демей ме бабаларымыз. Аула қарттары желбіреген гүл ортасындағы орындықтарға отырып, рахаттана сұхбаттасады. Ал балаларға арналған алаңда күнделікті ойын – күлкі, у-шу. Ауламыз өте көрікті, бүгінгі талапқа сай. Гүлдеріміз ертемен 72 пәтер тұрғындарын желбірей шығарып салып, желкілдей қарсы алады.  Ия,  осындай жайнаған жемісті аулада тұрғанымызға  шүкіршілік етеміз. Ал анам балалардың дос апасына, үлкендердің ақылшысына, көмекшісіне айналып, жайлы – жайбрақат өмір суруде. Ол-бір минут тыныш отырмайтын адам. Достық аллеясындағы он гүлзарды ардагер Надя, Рашида , Зайния апайлармен бірігіп, қамқорлыққа алған. Ертемен су бармайтын жерде орналасқан қарағайларға су қуйып, баптау олардың негізгі міндеттеріне айналып кеткен. Анам- ешқашан кемшілікті түзетуден жалықпаған жан. Кезінде аллеяда сусыз, құрғап бара жатқан ағаштарды көріп; «Қарағай қурап барады» деген атпен «Жетісу» гаетіне жазған мақаласы ой-түрткі болып, дұрыс шешімін тапқан еді. Бүгінде қала өмірімен бірге өріліп кеткен анам «Ардагерлер» үйінде, «Болмыс» бағдарламасына, «Ән шырқайық» бағдарламасында ой түйіндеп, өз пікірін ортаға салып, өнегелі істердің өрге басуына көмек қолын созып жүрген жайы бар.  Келе сала ауланы гүл-баққа айналдырып жіберген, 70 жасында жер түлеткен анамның осы ісін мақтан тұтамын. Ал, өмір бойы оның қалдырған ізгі істерін ойлаған кезде, осындай ананың бар екеніне, болғанына тәубә қылам. Оның өмір жолы — елге үлгі- өнеге. Егемендігімізді алған кезде «Қазақ тілі қоғамының» мүшесі болып, қазақ тілінің мәртебесін өрлетуге үлкен үлесін қосқан, көптеген тәрбие шараларын өткізген, ата-ана комитетінің төрайымы болғанда, жетім балаларға киім, тамақ, көмір тауып беріп, жағдай жасаған. Бірнеше жыл 8-9 сынып оқушыларымен жаз бойы 70 га қызылшаны баптап өсіріп, мол өнім алған. Колхаз басқармасы жыл сайын еңбек еткен оқушыларды демалуға «Балқашқа» «Жайлауға», «Алматыға» апаруға жолдама беретін. Балалар еңбекті демалыспен ұштастарып, тұған өлкесімен толық танысып, рухани  байлық алатын. Кәсіподақ комитетінің төрайымы болғанда 25-30 жыл еңбек еткен ұстаздарға колхаз басқармасына өтініш жазып, үлкен сыйлық сыилаған еді. Макетов Болат Нәбиұлы ұстаздар еңбегін бағалап, 8 сиыр, 12 қой сыилаған. Бұл тарихта болмған жай еді. Анам — ата-баба дәстүрін дәріптеген жан. Ата-баба дәстүрін таратуда құрақ пен тоқыма қол өнерінен ЮНЕСКО-дан жүлделі орынға ие болып, қуанышпен оралғаны да есімде. Осындай еңбек ете жүріп,  әкеміз Елмармен 43 жыл сыиластықта өмір сүріп, бес бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінгі күнде үшеуміз бармыз. Әпкем Елмира Елмарқызы екеуміз анамыздың жолын куып ұстаз атандық. Гүлмира Елмарқызы — денсаулық сақтау бөлімінің қызметкері. Немерелері Снжар мен Томирис — грантты жеңіп алған студенттер. Жанбота 4 сыныпта оқиды. Ал Саяжан мен Жанелі балабақшада. Осындай ардақты да аяулы, қайырымды да ерен аын анамызға зор денсаулық, мол бақыт тілей отыра сөзімді, анамның бір жырымен аяқтағым келеді.

 

Бүгінде Жетісудың төріндемін.

Әлі де еңбекпенен өрілгенмін.

Айналдырдым гүл баққа ауламызды.

Қарт та болсам, ізгі іспен көрінгенмін.

Көп істер бар істелмеген ойымда,

Күш – қуат бер, Алла, менің бойыма.

Тап-таза боп, гүлденсін деп қаламыз,

Гүлге орап, баптап жүрміз  аллеяның бойын да

Ізгі істерді қолдап, бастап тұратын,

Жадымда бар әлі күш пен қуатым.

Елге аян, сәнді қала, ауламды,

Жұмақ-баққа айналдыру — мұратым.

Қайрат Берікболов, Талдықорған қаласы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK