Талдықорған қаласының әкімі азаматтарды қабылдады

308

Нұр Отан» партиясы  Талдықорған қалалық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала әкімі, қалалық филиалдың төрағасы Дастан Шалтабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындардың  көбісін тұрғын үй, баспана мәселесі толғандыратыны белгілі болды. Азаматтарды қабылдауға әкіммен қатар  қалалық  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,  жер қатынастары, «Жетісу су құбыры» КМКҚ, «Талдықорған жылу сервисі» МКК мекемелерінің басшылары қатысты.  Партиядан қолдау күтіп, жағдайын айтып келгендердің бірі – Пармен Сетвалдиев әскери қызметкер ретінде зейнетке шыққан. Алайда, 6 жылдан бері тұрғын үйін заңдастыра алмай жүр. Сондай-ақ, «Шығыс» шағын ауданындағы әскери қалашықтағы үйлердің ауласын абаттандыру жайлы ойын білдірді. 1-топтағы мүгедек Ғ. Бүлекбаева және қала тұрғыны С. Алимханов, Ғ. Нұрахметованың  тұрғын үй кезегі бойынша  мәселелеріне заң талаптары бойынша жүзеге асырылатындығы түсіндірілді. Ал Сесерхан Мәнхалтай  азаматтық алу  бойынша өтініш білдірді. Қабылдау барысында қала  әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, сондай-ақ,  тұрғындар мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK