Талдықорғандықтардың 85 пайызының қоғамдық көлік қызметіне көңілі толмайды – саулнама қорытындысы

517

18-22 қараша аралығында «Taldykorgan-online.kz» сайтына «Талдықорғандағы қоғамдық көліктердің қызметі көңіліңізден шыға ма?» деген саулнама жүргізілді. 5 күнде 113 ғаламтор қолданушы саулнамаға қатысып, өз дауыстарын берді. Олардың 95-і, яғни 84,07 пайызы «Жоқ» деген жауапты таңдаса, «Иә» деген жауапты 5 адам басқан (4,42 пайыз). Ал, 13 қолданушы үшін бұл мәселе маңызды болмаған. Олар «Бәрібір» жауабын таңдады.

Сауалнаманы сайт редакциясы қаладағы жолаушылар тасымалы ақысының көтерілетінін ескеріп, «Талдықорғанда қоғамдық көліктердегі жол ақысы 80 теңге болады» атты мақала негізінде жасады. Жалпы, бұл тақырып әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, ғаламтор қолданушылары тарапынан сынға ұшырады. Елімізге ең танымал Tengrinews.kz сайты ақпаратты аударып басып, мәселені оқырмандардың талқысына салды.

Сонымен, жыл соңына дейін қаладағы қоғамдық көліктердегі жол ақысы 60 теңгеден 80 теңгеге көтеру жоспарланып отыр. Құнның көтерілуі қызмет сапасында да оң өзгерістер әкеледі деген сенімдеміз. Тұрғындардың пікірін білу үшін, алдағы уақытта да осы сауалнаманы қайталап жүргізетін боламыз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK