Үстіміздегі жылдың шілде айының соңында киелі Жетісу жеріндегі зиялы қауым өкілдері «Мұқали» халықаралық экспедициясы құрамында болып, көрші Қытай еліне арнайы сапарлап қайтқан болатын. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған игі бастаманы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған.

фото Д.Сағындықов

Сапардың басты мақсаты – қазақтың жалайыр тайпасынан шыққан қайталанбас ұлы Мұқалидың жүріп өткен жерлерімен танысып, тың деректер жиып, рухани азық алу. Бүгінде сол құрамда болған танымал ақын-жазушы, тарихшылардың қарымды қаламынан туындаған сүбелі шығармалар кітап болып баспадан шықты. Қысқа ғана бір жарым айда жарық көрген басылымды белгілі журналист, баспагер, жазушы Ырым Кененбай құрастырған. Өткен өмірден өнегелі сыр шертетін жаңа кітап Талдықорғандағы Рухани жаңыру орталығында таныстырылып, тұсауы кесілді. Алғашқы нұсқасы бір-бір данадан аймақтағы кітапханалар мен жоғарғы оқу орындарына үлестіріліді. Ал, қалғаны басқа да оқырмандардың қолына тиер күн алыс емес дейді  авторлар. Еске сала кетейік, Шыңғысхан әскерінің төрт ірі қолбасшысының бірі де бірегейі Мұқали шамамен 1170 – 1223 жылдар аралығында өмір сүрген. Ұлы империядағы тоғыз төренің бірі атанған.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK