Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа  жол беру әрекеті еш тиылмай келеді. Нақтырақ айтқанда жыл басынан бері өңірде 126 заң бұзушылық анықталса, оның 98 пара алып, пара беруге қатысты болған. Соның салдарынан келтірілген шығын көлемі 223, 2 млн теңгені құраған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық департаментінің жетекшісі Данияр Тұрғанбаевтың айтуынша, жалпы Жетісу өңірінде жең ұшынан жалғасқан мұндай заңсыздықтар көбінде  қаржылық-шаруашылықтар мен бақылаушы орындарда жиі кездеседі. Соның ішінде, жер телімдерін беру және бөлу, олардың нысаналы бағытын өзгерту кезінде, рұқсат беріп, құжат рәсімдеу барысында, сондай-ақ,  кадр мәселесін шешу мен мемлекеттік сатып алу шарттарын жүзеге асырғанда көптеп орын алады деді ол.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK