«Ашық мемлекет» жәрмеңкесі өтті

125
Дереккөз

Қала күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Ашық мемлекет» мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге мемлекеттік қызмет көрсетушілер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары қатысты. Жиырма бес жергілікті атқарушы орган өкілдері тұрғындарға жан-жақты мағлұмат берді. Шараның мақсаты — мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әр сала бойынша көрсетілетін қызмет туралы толыққанды ақпараттандыру. Шара барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары шаhарымыздың  үш мыңыншы тұрғынына туу туралы куәлік табыстады. Сонымен қатар жәрмеңке  аясында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, мемлекеттік қызмет жөнінде сауалдар қойылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK