Бүгінде Алматы облысында Астана қаласының мәдениет күндері өтуде. Осы орайда Елордадан келген делегация өкілдері облыс орталығы Талдықорған қаласында орналасқан жаңа нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Қонақтар «Жастар» спорт кешені, Оқушылар және Салтанат сарайы, көрме кешені мен жастарға қызмет көрсету орталықтарында болды.

Талдықорғанның сәулеті мен сәні келіскен ғимараттарына тәнті болған астаналықтар өз таңданыстарын жасырмады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK