Қаламыздың экологиялық жағдайы басты назарда

284
Фото авторы Жеңіс Ысқабай

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қашанда маңызды. Осы ретте мемлекет тарапынан бірқатар  жобалар ұсынылып, шаралар  ұйымдастырылуда.

Атап айтар болсақ, республикалық Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі  құрамында сынабы бар қалдықтарды есепке алу және олардың қозғалысын бақылау туралы жобаны енгізді.

Фото авторы Данияр Сағындық

Осының нәтижесінде Талдықорған қаласында құрамында сынап бар люминесцентті шамдарды, батарея, аккумуляторларды жинақтауға арналған 46 контейнер қойылған болатын. Онда лампа салатын және қалдықты сақтайтын арнайы орын бар. Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қолдау мақсатында орнатылған аталмыш жәшіктер негізінде ауаны  химиялық зиянды заттардан тазартуға мүмкіндік мол. Энергоүнемдеуші шамдарды жинауға арналған контейнерлер нәтижесінде бүгінгі таңға дейін  2040 сынабы бар шам, 10 кг батарея, 4 кг құрылғы жиналған. Оларды өңдеу  Қарағанды қаласындағы  “Промотход” ЖШС жүзеге асады.  Айта кетейік, энергоүнемдеуші шамдар кәдімгі лампалардан энергияны 80 %  дейін үнемдейді. Алайда, ғалымдар бұл шамдардың денсаулыққа зиян екенін дәлелдеп, дабыл қағуда. Себебі, әр шам ауаға 7 микрограмм сынап шығаратын көрінеді. Ал, ресми тұрғыда ол 0,35 микрограммнан аспауы тиіс.

Қаламыздың тазалық жағдайын жақсарту бағытындағы шаралардың бірі -жерасты қоқыс контейнерлерін орнату. Оның  ерекшелігі контейнердің басым бөлігі жер астында орналасатындықтан, жағымсыз иіс пен  бактериялардың көбеюіне жол берілмейді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған құрылғылар  көпқабатты тұрғын үйлер мен мекеме маңайында орнатылған. Мәскеудің “EcoBin” ЖШС дайындаған  жабдықтың құны 600 мың теңге. Қаламызға 135 контейнер орналастыру жоспарлануда.  Қазіргі таңда 41 алаңға 82 жерасты жәшігі қойылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK