дерекекөз

Қала  күніне орай  жаңадан отау тіккен жас жұбайларға және  10, 20, 30, 40, 50, 60 жыл бірге отасқан   шаңырақ иелеріне арналған шара  Салтанат сарайында ұйымдастырылды.

Жүздері бал-бұл жанған жастар, жанарынан мейірім шуағы төгілген ата-әжелердің басын біріктірген кездесуде Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев  тілегін білдірді.

-Отбасылық құндылықты дәріптеген, халқымыздың салт-дәстүрі бар елміз.  Сондықтан да бүгінгі басқосу  зор маңызға ие болуда. Бұл күнгі ұрпақ сабақтастығымен жалғасқан той салтанатының мәні- жарасымды жұптар көбейіп, демографиялық жағынан өсе берейік деген ниеттен туған еді.  Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен өткізіп,  сәттілікпен жалғаса берсін.  Әрдайым шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақытқа  толсын,- деді шаһар басшысы.

 Ал бұл мерейтой иелерінің  арасында  «Тақиялы періште» атанып кеткен Әлімғазы Райымбеков және белгілі қаламгер Кенжехан Рақыш  атамыздың да жанұясы бар.

Оған қоса Талдықорғанның демографиясын көтеріп жатқан алтын құрсақты аналарға алтын және күміс медальдары мен куәліктері тапсырылды.

 Үлгілі әке, өнегелі ана атанып отырған той иелері өмір бақи бақытты, ең бастысы, бірге ғұмыр кешудің құпиясы түсіністікте, сыйластықта дейді.  Жас жұбайларға аға буын өкілдері біздің жолымызды берсін деп ақ бата айтты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK