Талдықорғанда бруцеллезге шалдыққан адамдар саны 2 есеге артты

436
ғаламтор

Талдықорған қаласында, 2017 жылдың 10 айының қортындысы бойынша бруцеллез сырқаттанушылығының 27 жағдайы тіркелген, (оның ішінде 1 жасөспірім),  бұл 2016 жылдың 10 айына салыстырғанда  14 жағдайға, яғни 2 есеге артқан (2016 жылы-13 жағдай оның ішінде 14 жасқа дейнгі-1бала). Бұл туралы бізге «Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басқарма басшысы Ермек Асимкулов хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, адам арасында бруцеллез жұқпасы бүкіл дүниежүзінде кездеседі. Статистикаға сенсек, әлемде жыл сайын 500 мыңнан  аса адам індет жұқтырса, Қазақстанда 2 мыңнан аса жағдай тіркеледі екен.

Бруцеллез – Brucella туысына жататын бактериялармен шақырылатын жұқпалы ауру. Бұл жұқпамен негізінен: қой, ешкі, түйе, шошқа, бұғы, марал, ірі қара мал және иттер ауырады

Адамдар бруцеллезді ауру малды күткенде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамаса, ауру мал бөліністерімен залалданған құралдармен тікелей қатынасса, малдың жүнін қырқу, малды сою, терісін сыпыру, мал төлдету кезінде малдың шуы, қағанақ суымен қатынаста болғанда,  туған қозыны ауыздандырып емізу кезінде жиі жұқтырып алады. Сонымен бірге, ауру сиыр, ешкі, қойдың қайнамаған сүтін немесе толық термикалық өңдеуден өтпеген сүт өнімдерді (май, кілегей,ет) тағам ретінде пайдаланғанда ауру жұғуы мүмкін. Ал, адамнан адамға жұқпайды.

Бруцеллездің жасырын (инкубациялық) кезеңі 6 күннен 30 күнге дейін созылады.

Ауру белгілері: әлсіздік, ұйқының бұзылуы, бастың ауруы, бұлшық еттер мен буындардың ауырсынуы, асқа тәбеттің төмендеуі, дене қызуының 39-40 °С дейін көтерілуі. Қызба жиі толқын тәріздес сипатта өтеді, қызба кезінде қалтырау мен тершеңдік байқалады. Орталық жүйке жүйесінің функционалдық зақымдалу белгілері ерте пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге, лимфа түйіндері 1 см мөлшерде ұлғаяды.

Аурудың 6 — 7 күнінен бастап гепатоспленомегалия (бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы) белгілерінің айқындалуы мүмкін. Бруцеллездің басқа да белгілері болуы мүмкін.

Бруцеллездың алдын алу шаралары:

  1. Жануарлар күтіміне байланысты барлық жұмыстарды, әсіресе төлдеу науқанында арнайы қорғаныш киімдерін (арнайы киім, аяқ киім, қолғап) киюмен жүргізу, бруцеллез ауруының алдын алу және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
  2. Тағам ретінде сапалы термиялық өңдеуден өткен ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін қолдану;
  3. Мал дәрігерлік анықтамасыз  сүт және сүт өнімдерін бейберекет сауда орындарынан сатып алмау;
  4. Малды жайлауға шығарар алдында міндетті түрде бруцеллезге тексерту.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK