Бүгін Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Денсаулық фестивалі» өтті. Шаһар мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған спорттық шараға мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысты, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев пен Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев қатысты. Мерекелік шарада алғаш сөз тізгінін алған Нұрбақыт Молдахметұлы жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, өзінің жылы лебізін білдірсе, Әділет Рымтайұлы айтулы сайыстың маңызына кеңінен тоқталып өтті.

Жарыс барысында оқушылар қашықтыққа жүгіру, эстофета, ұзындыққа секіру және кермеге тартылу бойынша үздіктерін анықтап, өзара шеберлік байқасты.

Сайыс қорытындысы төмендегідей

Кермеге тартылу

І орын – №10 мектеп

ІІ орын –№2 мектеп

ІІІ орын –№1 мектеп

Эстафета 4*100 м.

Қыздар

І орын –№1 мектеп

ІІ орын –№8 мектеп

ІІІ орын –№12 мектеп

Ұлдар

І орын –№8 мектеп

ІІ орын –№1 мектеп

ІІІ орын –№19 мектеп

Ұзындыққа секіру

Ұлдар

І орын –№2 мектеп

ІІ орын –№8 мектеп

ІІІ орын –№11 мектеп

Қыздар

Іорын –№25 мектеп

ІІ орын –№10 мектеп

ІІІ орын –№22 мектеп

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK