Қағаз қалдығы — таптырмас шикізат!

677

Республикалық «ЭкоБолашақ» акциясына қала мектептерінің барлығы қатысуда.  Аталған акцияның 1-кезеңінде Талдықорған қаласы бойынша 17 тоннадан астам қағаз қалдықтары жиналды. Соның ішінде,  қаламыздың №5 орта мектеп–лицейінің оқушылары  6 тонна қағаз қалдығын жинап, белсенділік танытты.

Акцияның мақсаты — макулатураны қайта өңдеуші зауытқа жіберіп, одан халық тұтынатын тұрмыстық өнімдерді  шығару. Республикалық акцияның жеңімпаздары 4 кезеңнен соң анықталады. Бірінші орын алған  білім мекемесіне ағаш көшеттері және балаларға спорттық жабдықтар тарту етілсе, жекелеген жеңімпаз оқушылар Астанадағы өңдеуші кәсіпорынды аралап қана қоймай, Австрия, яғни Вена қаласына саяхаттап келуге мүмкіндік алады.

Егер бір тоннадай қағазды қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 түп ағашты, 26 мың литр суды, 3 текше метр топырақты, 240 литр жанар-жағар май мен 4000 киловатт/сағат электр энергиясы үнемделеді екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK