Алматы облысында көршісінің қақпасын ұрлаған  азамат қолға түсті. Оқиға Кербұлақ ауданына қарасты елді мекендердің бірінде болған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында аудандық полицияға сол маңдағы ауыл басшыларның бірінің қақпасы ұрланғаны туралы хабарлама келіп түседі. Аталған ауылға жауапты учаскелік полиция инспекторы жүргізген жедел іс-шараның нәтижесінде қақпаны қолды еткен сол ауылдың 38 жастағы тұрғыны болып шыққан. Анықталғандай ол көптен бері көршісінің әдемі темір қақпасына қызығып, оны қалай да қолға түсіруді ойластырып келген. Қазіргі уақытта  айғақзат тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылған. Ал, күдіктіге мекенжайын ауыстырмау, ешқайда кетпеу ескертіліп, еліміздің қылмыстық заңнамасы бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK