Бүгін «Жастар» спорт кешенінде бильярдтан «Жетісу кубогы» республикалық турнирі басталды. Алматы облысы әкімінің жүлдесіне арналған сайысқа еліміздің әр өңірінен спортшылар келіп қатысуда, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыстың ашылу рәсіміне облыс әкімі Амандық Баталов арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, өңір басшысы бильярдтың алғашқы шарын соғып, жарысты ашық деп жариялады.

Жалпы, турнирге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан және Алматы облысынан 11 команда келген. Ойыншылар «Мәскеу пирамидасы» бойынша өзара үздіктерін анықтайтын болады.

Алматы облысының әкімдігі мен облыстық бильярд федерациясы бірлесіп ұйымдастырып отырған жарыс үш күнге созылмақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK