Талдықорғанда жыл басынан бері 70-ке жуық адам туберкулез дертіне шалдыққан

379
ғаламтор

Талдықорған қаласы бойынша 2017 жылдың 10 айында туберкулез сырқаттанушылығының эпидемиологиялық жағдайы тұрақталды. 10 айда туберкулез сырқаттанушылығының 67 жағдайы тіркелді. 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда туберкулез сырқаттанушылығы 28 жағдайға яғни 95 — тен 67 — ге азайып отыр. Балалар арасында 2017 жылы 6 жағдай (2016ж.- 7 жағдай) тіркелді.

Туберкулез (латын тілінен аударғанда tuberculum – төмпешік) – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында туберкулез «көкжөтел – чахотха» ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы Р. Кох 1882 жылдың 24 наурызында ашқан. Сондықтан бұл бактерияларды Кох таяқшалары деп атайды. Олар әр түрлі мүшелерді зақымдайды: өкпе, сүйек, буын, бүйрек т. б. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады — қақырықта, күнделікті пайдаланылатын бұйымдарда, топырақта, қоршаған ортада көп уақытқа дейін сақталады.
Туберкулез ауруының белгілері: 1) салмақ тастау; 2) тершеңдік; 3) кеуде қуысындағы ауырсыну; 4) қан түкіру; 5) жалпы әлсіздік және тез шаршау; 6) ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организміне байланысты. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек дәрігерге қаралу қажет.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды.
Туберкулез ауруының алдын алу шаралары: 1. салауатты өмір салты; 2. құнарлы тамақтану; 3. дене шынықтырумен айналысу; 4. таза ауада демалу; 5. зиянды әдеттерден аулақ болу (темекі шегу, алкоголь, есірткі); 6. жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтіп тұру; 7. үй-жайларды таза ұстау.
Егерде сен өзіңде, немесе жақын адамдарының ұзақ жөтелуін байқасаң, онда тез арада дәрігерге көріну қажет. Туберкулезді емдеу және тексеру тегін жүргізіледі.
Туберкулез ауруымен күрес жүргізу тұтас бір мемлекеттің ғана міндеті емес, әрбір
от басының, әрбір жеке адамның міндеті. Жыл сайынғы флюорорграфиялық
тексеру өкпе туберкулезі мен басқа да кеуде қуысы ағзаларының ауруларын
анықтайтын сенімді және қауіпсіз әдіс. Жүйелі түрде тексеруден өту арқылы дертті
уақытлы анықтап, айналадағы адамдардың ауруға шалдығуының алдын алуға
болады.

«Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы «Тазалық» БПҰ мүшесі Е.Асимкулов.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK