Шаһар мерекесі қарсаңында «Жайдарман-2018» фестивалі өтті. Қала әкімінің жүлдесін сарапқа салу үшін еліміздің әр өңірінен командалар келіп, өз өнерлерін көрсетті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Айтулы кешті «Қазақстан КВН одағының» президенті Есен Елеукен арнайы жүргізді. Шара барысында Тараз, Шымкент, Қызылорда, Семей, Қостанай, Алматы және Талдықорған қаласынан жалпы саны  11 команда сайысқа түсті.

 

Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды жергілікті «Шапалақ» командасы ұтып алды. Өздерінің өтімді әзілдерімен көрермендерді күлкіге қарық қылған талдықорғандық әзілкештерге қала әкімі Дастан Шалтабаев кубок және 300 мың теңгенің сертификатын ұсынды.

Ал, екінші орынды алматылық «АТУ» командасы иеленіп, 200 мыңды олжа тұтса, үздік үштіктен көрінген «Нархоз» командасы (Алматы) 100 мың теңгені қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, жайдарманға қатысқан барлық командаларға қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK