дереккөз

Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының мәжіліс залында Алматы облысының Әділет департаменті мен «Қазақстанның заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен басқосу өтті. Баршаға белгілі, 2018 жылдың 5 шілдесінде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» туралы Қазақстан Республикасының Заңына Елбасы Н.Назарбаев  қол қойған болатын. Бұл құжат  23 шілдеден бастап   заңды күшіне енгізілді.

Шараға келген  өкілдер студенттерге, оқу орнын бітірген түлектерге адвокатура институтын қалыптастыру, біліктілік деңгейін  арттыру  тұрғысында ой қозғады. Алматы облысы әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет бөлімінің инспекторы, РҚБ «Қазақстан заңгерлер одағы» Алматы облысы бойынша филиалының хатшысы Жұлдыз Жалпетекова, «Заң кеңесшілері палатасының»Алматы облысы бойынша төрағасы Александр Ким, облыстық адвокаттар алқасы төрағасының бірінші орынбасары Д. Әділбекова, әділет департаментінің бас маманы Кенжебек Шалтай  адвокаттық қызмет заңын іске асыру  жолындағы мақсаттарға тоқталды.

Әділет департаментінің инспекторы Жұлдыз Төребекқызының айтуынша, заң азаматтардың  құқығы мен мүддесіне қызмет жасайды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, өмірлік қиын жағдаймен бетпе-бет келген адамдарға тегін заң көмегін алуға қол жеткізуіміз керек. Адвокаттық қызмет жүйесін кешенді жетілдіру-Заңды қабылдаудағы басты мақсат. Бүгінгі шара ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң негіздерімен заңгерлік мамандық бойынша оқып жатқан жоғары оқу орнының студенттері мен түлектеріне  айту және  оларға адвокаттық қоғамдастыққа  қосылу тәртібін түсіндіру мақсатын көздепті. Қазіргі таңда,  халыққа құқықтық көмек көрсететін жас білікті заңгерлерге сұраныс жоғары. Соның бір айғағы, мәселен,  Алматы облысы бойынша 409 адвокат  бар. Олар халықтың заңдық көмекті алуына, конституциялық құқықты іске асыруға атсалысады.  Кездесуге қатысқан студенттердің сауалына келген қонақтар барынша тиянақты жауап берді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK