«Тарихи жол» мобильді қосымшасының тұсауы кесілді

150

Бүгін  Қадырғали Жалайыри ескерткішінің алдында «Тарихи жол» мобильді қосымшаның тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған шарада «AV-Soft Were» компаниясының өкілдері Айбек Алмұхаметов пен Ерболат Қанатбек  Алматы облысында туризмді дамыту және Қазақстан тарихын жаңғырту мақсатында мобилді қосымша іске қосылатындығын баяндады. Бұған дейін  осындай қосымша Шығыс Қазақстан облысында қолданысқа ие болды.

«Біз өте бай тарихы бар елде тұрамыз. Қазіргі Қазақстан аумағында туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Ел тарихының қызықты фактілерімен қолжетімді әрі қолайлы түрде таныстыратын мобильді қосымшаны әзірледік. Бұған қоса, біздің қосымша еліміздің қонақтарына мәдени-тарихи танымал жерлер мен мұраларды сақталуын қамтамасыз етуге және оларға қол жеткізуге,танысуға көмектеседі. «Тарихи жол» қосымшасы арқылы бес тілде жаңа форматта керек жерлерді көруге, танысуға мүмкіндік беріді»- дейді спикер Айбек Алмұхаметов.

Қосымша, мәселен, Алматы облысы бойынша енгізілген 20 киелі жерлер жайлы мағлұмат беріп қана қоймайды, оған барар жолды көрсетеді. Мобильді қосымша бізге келуші туристер санының артуына да өзіндік септігін тигізбек. Панорамалық түсірілім, АR-шындық  арқылы ақпаратты қабылдауды жақсарту,  бейнероликтер, аудио әңгіме форматында тарихқа үңілу де осында. «Сокральды   Қазақстан»  жобасы бойынша  көптеген жұмыстар қолға алынған. Сондықтан да, бұл қосымшаның берері мол. Жоба өкілдері Қадырғали Жалайыри атамыздың ескерткіші жайлы мағлұматпен сол жерге жиналғандарды таныстырды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK