Талдықорғанда ҚР Ішкі істер министрлігі  Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұйымдастыруында арнайы іс-шара өтті. Игі бастама Қазақстан республикасының 1999 жылы 13 шілдеде қабылданған № 416 терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заңының 10-бабы 3-тармағы бойынша қолға алынған. Мұндағы мақсат – аймақтағы террористік тұрғыдан осал, жарылғыш құрылғылары оңай орнатылуы мүмкін деген нысандарды анықтап, өрт  оқиғаларының алдын алу.

Осыған байланысты, шаһардағы күзет қызметін көрсету туралы келісім-шарт жасасқан мекеме басшыларының қатысуымен арнайы профилактикалық және оқу-жаттығу сабақтары өтті. Басқосуда аталған күзет басқармасының жауаптылары осыған дейін атқарылған істерді тілге тиек ете келіп, алда тұрған маңызды міндеттерді атап көрсетті. Бас қосуда сөз алған төтенше жағдайлар департаментінің мамандары аймақтағы өрттен болатын оқыс оқиғалар саны өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда біршама төмендегенін жеткізді. Мәселен, былтыр өңірде өрт  салдарынан 17 адам көз жұмса, биыл 15 кісі өлімі тіркеліп, қаза тапқандар саны 2 адамға азайған. Сондықтан аймақта әлі де болса арнайы оқу-жаттығу шараларын жиі өткізіп, жеке үй-жайлармен әкімшілік және басқа да ғимараттарындағы  қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалау керектігі есткертілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK