Бүгін осындай атаумен көркемөнер галереясында жас суретшілерге арналған көрме өтті. Айтулы шараға қыл қалам өнеріне жақын оқушылар мен студенттер келіп, жетісулық суретшілердің туындыларымен танысты, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Ұйымдастырушылар аға буын мен жас буынның арасына байланыс орнатып, осындай шара өткізгендік жөн көрген. Көрмеге арнайы келген тәжірибелі суретшілер жастарға қыл қалам өнерінің қыр сырын айтып берді. Білгендерімен бөлісіп, олардың шығармашылыққа деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Өз кезегінде көркемөнер галереясының мамандары да мықты туындылармен таныстырып, жастардың өнерге ынтасын оятты.

Бүгінде көркемөнер галереясының қорында 300-ден астам картина сақтаулы. Мамандар алдағы уақытта бұл көрсеткіш тағы да ұлғаяды деп отыр.

«Негізінен суретшілер бұл жерде өздерінің жеке шығармашылық көрмесін өткізіп тұрады. Таңдаулы туындыларын бізге сыйлық ретінде қалдырып кететіндері де бар. Айына 3-4 рет көрме болады. Көрме бөлмелері ауысып, орнына басқа туындылар қоямыз», — дейді «Көркемөнер галаереясының» экскурсоводы Мөлдір Таңжарыққызы.

Айта кетейік, дәстүр бойынша жыл сайын қала күні аясында түрлі шаралар өтеді. Талдықорған қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әділ Исаханұлының айтуынша бұл – соның алғашқы бастамасы. Көрмеге келеген жастар галерея ұжымы мен ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Шебер суретшілердің еңбегімен танысқан жас буын соңында бойларына жігер алып тарқасты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK