Талдықорғандағы бір мектептің мұғалімі  шәкірттеріне ренжіп, сыныбындағы барлық балаға 3 қойыпты. Үздік оқушылар өздерінің еш төмен баға алып көрмегенін айтса да, мұғалімі тыңдамапты.

Сонымен, бұл текетірес ушығып, мектеп басшысына жетсе керек. Қыстың күні екен. Сабақтан соң мәселені өзі шешпекші болған директор ерегескен екі тарапты жиналысқа шақырыпты. Бірақ, 3 қойғыш мұғалім шақыра барғандарға көк мұздан тайып жығылып, ауырып жатырмын деген сылтау айтып жиналысқа келмей қойыпты. Сонда оның жаңа ғана ауласында сау жүргенін көрген бір оқушы орнынан  ұшып тұрып, директорға: «Ағай біздің мұғалім көк мұзға емес, өзінің оқушыларға қойған үштеріне тайып жығылып, ауырып жатыр» – деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK