Бастауыш партия ұйымдары: жаңғырудың белесінде

412

Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Бастауыш партия ұйымдары:партиялық жаңғырудың жаңа белесі» атты баспасөз-конференциясы ұйымдастырылды. «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, Ескелді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Идрисов және Талдықорған қалалық филиалының «Жарық» бастауыш партия ұйымының төрайымы Нұржамал Әбеуова қолға алынып жатқан жұмыстар жөнінде ойларын ортаға салды.

Облыстық партия филиалы төрағсының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева жуырда  арнайы делегация Шымкентте  өткен «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында бастауыш партия ұйымдарының екі күндік аймақтық форумы  қатысып келгендіктерін тілге тиек етті. Бұл жиынға  Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының орынбасарлары, барлығы 250-ге жуық партия мүшелері қатысып, тәжірибе алмасыпты.

-Республикада 5839 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Олар өз қатарларында 1 млн-нан астам партия мүшелерін біріктіреді. Форумның алғашқы күнінде 4 секциялық талқылаулар өтті. Сондай-ақ, секция жұмыстарында цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау, үштілділіке көшу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған 22 жаңа партиялық жобаны іске асыру тәсілдері талқыладық. Бастауыш партия ұйымдары қызметін жандандыру тұжырымдамасы талқыға түскен бірінші секцияда «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова негізгі басымдықтарды атап өтті. Жалпы, тұжырымдама БПҰ қызметін, оның ішінде партия мүшелерімен жұмысты жандандырудың нысандары мен түрлерін жетілдіру, бастауыш партия ұйымы және партия мүшелерінің деректер базасын өзектендіру, БПҰ жұмысын бағалау, ынталандыру жүйесін енгізуді көздейді,-дейді спикер.

 Спикерлердің сөзіне сүйенсек, Елбасының тапсырмаларын сапалы орындау, бастауыш партия ұйымдардың қызметін жандандыру –ең басты міндет. Бұл ретте, «Жарық» БПҰ жұмыс жоспары кең. 350 мүшесі бар бастауыш ұйымда атқарылған жұмыстар ауқымды. Олар өткен жылы республикалық жиынға қатысып,  «Өрлеу» деген аталымда жеңімпаз атанған. Бұл ұйым қайырымдылық шараларына, Талдықорған қаласының көркеюіне де өзіндік үлес қосып келеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK