Джакартада өтіп жатқан ХVІІІ жазғы Азия ойындарынан қуанышты хабар! Қазақ елі бүгін 8-ші алтынын олжалады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жекелей сында өнер көрсеткен қазақстандық гемнастшы Алина Әділханова Азиаданың екі дүркін чемпионы атанып отыр. Жарыста өзбекстандық Сабина Ташкенбаева күмісті иеленсе, қола қытай спортшысы Ятинг Жаоға бұйырды.

Айта кетейік, күні кеше ғана Азия ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы ел қоржынына жетінші алтынды салған болатын.

Қазір Қазақстан қоржынында 8 алтын, 8 күміс, 29 қола медалмен жалпы есепте 10-орында келеді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK