Бүгін Талдықорған қаласының Сәулет және қала құрылысы бөліміне басшы болып Мұрат Анарқұлов тағайындалды. Бөлімнің жаңа басшысын активке қала әкімі Дастан Шалтабаев таныстырды.

«Мұрат Ертілесұлы тиісті байқаулардың нәтижесі бойынша іріктеп алынды. Білікті маман. Бұл қызметтің жауапкершілігі ауыр. Қаланың көркін барынша заманға сай етіп ұстауымыз керек. Осы бағытта аянбай еңбек етесіз деп ойлаймын» деп атап өтті шаһар басшысы.

Мұрат Анарқұлов 1973 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласынан бастаған. Алматы қаласының жер инспекциясында, Жылжымайтын мүлік орталығында ұзақ жылдар қызмет етіп, қатардағы маманнан директордың орынбасары лауазымына дейін көтерілген. 2013-2015 жылдары «Алматыоблгеодезия» МКҚК-ның директоры, 2015-2017 жылдары Қарасай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK