Облыс орталығында бизнес өкілдері үшін көпфункционалды мобильдік платформаның таныстырылымы болды. Indigo24 — тәулік бойы тауарлар немесе қызмет түрлеріне төлем жүргізуге арналған әмбебап төлем жүйесі бар қосымша.

Жобаның авторы, «Evolution Corporation» ЖШС құрылтайшысы Дәурен Қазбекүлы қосышаның басымдығы мен мүмкіндіктері жөнінде айтып өтті. Жас кәсіпкер Талдықорғанның тумасы. Бүгінде Алматы қаласында IT саласында еңбек етеді. Компания түрлі мобильдік сервистерді әзірлейді және 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. ТМД мен шетел бойынша 70 мыңнан астам серіктесі бар.

«Indigo24 — толықфункционалды мессенджер қызметін атқарады. Достарыңызбенм сөйлесіп, өзара ақшаны жедел аударуға болады. Сенімді электрондық әмиян теңгерімді толтыру, коммуналдық қызметтерді төлеу, әуе және теміржол билеттерін сатып алу сияқты 1500 астам қызмет түрі бойынша төлем жасауға мүмкінік береді. Төлемдер комиссиясыз жүргізіледі. Біздің платформада геолокация арқылы қажетті мекемені, қонақ үйді, медициналық орталықты тауып, QR код арқылы төлем жасай аласыз», — дейді Дәурен Қазбекұлы.

Алдағы уақытта жоба әзірлеушілері қосымшаға бірқатар мемлекеттік қызмет түрлерін енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен бірге компания Indigo терминалы және адамның тұрғылықты орны мен жүрісін бақылай алатын GPS-трекер сияқты өнімдерді ұсынады.

Таныстырылым барасында кәсіпкерлер қызықтырған сұрақтарын қойып, қосымшаның қызметін тексеріп көрді.

Өз кезегінде Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Дана Жамболатованың сөзінше, қосымша бизнестің қызметтерін енгізу, өнімдер мен қызмет түрлерін жарналамауға арналған тиімді интернет алаңы болып табылады.

Indigo24 қосымшасын Google Play немесе AppStore жүктеп алуға болады. Сервис www.indigo24.com сайты арқылы да қолжетімді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK