Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жақсы өнер көрсетуде. Бүгінде қоржынымызда 2 алтын 6 күміс 15 қола медаль бар. Азиаданың алғашқы бес күніндегі қорытындысы бойынша ұлттық құрама 12-ші орында келеді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Бүгін болатын жарыстар Қазақстан құрамасы үшін нәтижелі болуы әбден мүмкін. Себебі, Олимпиада чемпионы Баландин мен топтық жарыстан әлем чемпионы, велошабандоз Луценко жарысқа қатысады.

Сонымен қатар қазақстандық боксшылар да шаршы алаңға шығады. Одан бөлек, академиялық есуден финал өтеді, ерлер командасы жүзуден жүлдеге таласады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK