Тарихта қалған латын қарпімен танысқыңыз келе ме?

360

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Латын әліпбиі- Рухани жаңғырудың негізі» атты көрме ашылды. Елбасы Н.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар- Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыруға бағытталған шара. Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Талдықорған  және Алматы облыстық мемлекеттік архиві, С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, М.Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейлері көрменің ашылуына атсалысты.

1929-1941 жылдар аралығында жарық көрген латын графикасы негізіндегі  архивтік құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі,қолжазба, ақын-жазушылар кітабы,сөздік пен оқулық, мерзімді басылымдар қойылыпты. Мұражайдағы жәдігерді де осы жерден табасыз. Латын қарпімен жарық көрген  Абай, Ілияс, Әбділдә Тәжібаевтың шығармалары, оқулық кітап, қаулы-қарарлар бәрін кездестіруге болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK