Халықаралық жастар күніне орай, 16 тамыз күні Қаратал өзенінің жағалауында «Jetisu Style» облыстық жастар фестивалі өтеді. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен болғалы отырған шараға аудандар мен қалалардан 200-ге жуық жас талант келеді деп жоспарлануда.

Фестиваль басталмас бұрын өңірлік коммуникациялар қызметі алаңына келген жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ерлан Жакупов журналистермен баспасөз-мәслихатын өткізіп, айтулы шараның бағдарламасымен таныстырды. Концерттік бағдарламада әншілер, бишілер, цирк өнерпаздары өнер көрсететін болады.

Сондай-ақ, 25-ке жуық алаң ұйымдастырылып, бірнеше киіз тігу жоспарланған. Ол жерлерде облысымыздың жас ақындары, күйшілері өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етпек. Одан бөлек, шара барысында бірнеше спорттық жарыстарды өткізу жағы да қарастырылған. «Фестивалдің басты қонағы болып, Raim мен Artur келеді» дейді ұйымдастырушылар. Жастар арасында кеңінен танылған жұлдыздар көпшілікке өз концерттерін ұсынбақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK